Жарнама
ЖаңалықтарЭкология

«ЖАСЫЛ ЕЛ»: Жастарды еңбекке баулиды

«Жасыл ел» жастарды еңбекке ерте араласуға үйретіп, өз еңбегімен табыс табуға мүмкіндік береді. Бұл жоба 2005-ші жылдан бері жүзеге асып келе жатыр.

М е к т е п ж а с ы н д а ғ ы оқушылар мен студенттердің алғашқы еңбек жолы о сы жасақтың қатарынан бастау алған еді. Жұмыс жасауға ниетті 16 мен 29 жас аралығындағы жастар алдын-ала тіркеліп, «Жасыл ел» еңбек жасағы маусым айынан жұмысын бастады. Жаңа маусымға тіркеу онлайн режимде жүргізілген болатын. Еңбек жасағы биыл 1000 жасты жұмыспен қамтуды көздеп отыр. Оның 200- і құрылыста жұмыс жасаса, 800- і көгалдандыру бағыты бойынша еңбек етеді. Жұмыс уақыты 16-18 жас аралығындағылар үшін 9.00-ден 17.20-ға дейін, 18 жастан асқандар үшін 9.00- ден 18.00-ге дейін. Жалақы көлемі 65 000 теңге. Салық шегерімдерін алғанда таза табыс 51 480 теңгені құрайды.

– Жұмысқа тіркелу инстаграм əлеуметтік желісіндегі jasylel_atyrau аккаунтындағы сілтеме арқылы жүргізіледі. С о н д а й — а қ , қ а л а м е н аудандардағы Жастар ресурстық орталықтары арқылы тіркеледі. Тіркелушілердің құжаттары қосымша тексерілетін болады. Атап айтсақ, жеке куəлік, Kaspi Gold 20 саны, 18 жасқа толмаса ата-анасының рұқсат қағазы керек, — дейді «Жасыл ел» ЖЕЖ облыстық штаб жетекшісі Абылай Құрметұлы.

 «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының облыс бойынша менеджері Бекарыс Закарияның айтуынша, əр ауданда құрылыс бағытында 15, көгалдандыру бағытында 25 адам жұмыс жасап жатыр. Атырау қаласында 90 адам еңбек етуде. Қала бойынша осы жасаққа қосылуға ниет білдіргендердің əлі де мүмкіндігі бар екен.

– Облыста тазалық акциялары тұрақты өткізіледі. Алдағы уақытта осындай шараларды жиірек ұйымдастырғалы отырмыз. Облыстың 6 ауданында құрылыс бағыты бойынша құрылыс жасақтары жасақталды, — деді Бекарыс Əлібиұлы.

Жастар осындай жобалар арқылы өмірлік тəжірибе жинап қоймай, табыс тауып та үйренетіні белгілі. Бір жағынан бойларындағы жастық жалынын өлкені көгалдандыруға жұмсайды. «Жасыл елде» жұмыс жасайтындардың еңбекақысы да жүйеленгендігі белгілі болды.

 – Жасыратыны жоқ, бұрын еңбекақы уақытында берілмей, кешігіп жататын. Енді бұл мəселе шешімін тауып отыр, — деді Бекарыс Əлібиұлы.

Оның айтуынша, «Жасыл ел» жасағына жұмысқа тұру үшін əлеуметтік жағдайына байланысты жеңілдіктер қаралмаған.

– Жұмыс жасауға ниет білдірген жастардың барлығы біздің базамызда тұр. Олардың тізімін жасақтап, аудандарға жібереміз. Рет-ретімен тіркелген тəртібіне қарай жіберіп отырамыз, — дейді «Жасыл ел» ЖЕЖның менеджері Бекарыс Закария.

« Ж а с ы л е л » ж а с т а р еңбек жасағына қатысты оқырмандардан сұрақтар к ө п т ү с е д і . С о л а р д ы ң бірқатарын Жастар ресурстық орталығының басшысы Серік Қадыров пен «Жасыл ел» ЖЕЖ жетекшісі Абылай Құрметұлына жолдадық.

– Шілде айында 16-ға толатын қызымды «Жасыл елге» тіркете аламын ба?

 – Әрине. Ол үшін жеке куәліктің орнына туу туралы куәлікті көрсетуі керек. Ескере кетері, квота саны жеткілікті болып, қыз бала шілде айының ортасында 16 жасқа толса тамыз айында ғана жұмысқа тұра алады.

– Е ң бе к ж а с а ғ ы н ы ң айлығы неге аз?

– Е ң б е к ж а с а ғ ы н ы ң еңбекақысы алдыңғы жылдармен салыстырғанда едәуір көтерілді. Оның көлемі 65 мың теңгені құрайды. «Жасыл ел» жастардың алғашқы жұмысы болып есептеледі. Бұл жерде қаражат табудан өзге негізгі мақсатымыз – кейінгі буын өкілдерін табиғатты құрметтеуге үндеу, еңбекке баулу, жақсы орта табуға септесу екені анық. Соның нәтижесіндей былтыр бір ауданда 100 квотаға 300 ұсыныс түсті.

– Жастарды бұдан өзге қоғамдық жұмыстарға тарту мақсатында қандай шаралар өткізіледі?

– «Жасыл ел» жұмыспен ғана шектелмей, жастарды қоғамдық өмірге тарту үшін іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Олардың қатарында #TrushtagAtyrau, «Менің атаулы ағашым» секілді акциялар мен челлендждер бар.

 Алмас ҚАБДОЛОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button