Жасұлан Бисембиев: «Тасқынмен тынымсыз күрес толастамайды»

1712247075960 Жаңалықтар

Апат айтып келмейтіні белгілі. Күні кеше ғана Құлсарыны қарғы судың басуы
елді есеңгіретті. Қазір Құлсары қаласы біртіндеп қалыпты өмірге орала бастады.
Иә, «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған» елдің бірлігі сыналған сын сәт
десе де болады.

Облыс деңгейінде төтенше жағдай жөніндегі жедел штаб құрылып, салдарын жоюға бар күш пен техника жұмылдырылды.
Ал, Атырау қаласында тасқынның алдын алу мақсатында 230 шақырым
қорғаныс бөгеттерін салу көзделді. Қазір мұның 169 шақырымы аяқталып тұр.
Ендігі уақытта 25 пайызға жуығы санаулы күндерде толық орындалады.
Бұған дейін хабарланғандай, Атырауға Жайық өзені арқылы келетін мол өр
суы 20-25 сәуірде емес, бұл уақыттан бір аптаға кешігіп жетуі мүмкін. Өйткені,
Иректі су қоймасынан келе жатқан су Ресей мен Қазақстанның шекарасында үлкен жайылмаларға жайылып кеткен. Бұл жағдай келе жатқан судың алғашқы
жылдамдығын түсіріп тастаған. Сарапшы-мамандар «сондықтан мол су бес күн
немесе бір аптаға кешігіп келуі мүмкін» деп болжап отыр.
Ресей Федерациясынан бастау алатын Жайық өзені, Иректі суқоймасынан
келетін судан келетін қауіптің алдын алуда облыста бірқатар жұмыс жасалуда.
Соңғы тәулікте Атырау қаласында орналасқан гидропосттардың көрсеткіші
бойынша су деңгейінің өсімі байқалған жоқ. Бірақ Атырауда көктемгі су тасқыны
маусымы басталғалы бері Жайықтың деңгейі 404 сантиметрге көтерілді. Қазір
Иректі су қоймасынан шығарылатын су әлі де толастаған жоқ. Соңғы тәулікте
секундына 345 текше метр су жіберілді. Бұл айтарлықтай көп өсім емес. Сонымен
қатар Қиғаш-Шортанбайда да жоғары өсім жоқ. Бірақ «тілсіз жаудан» келер
қауіптің алдын алу мақсатындағы жұмыстар үздіксіз атқарылып жатыр.
Жасұлан БИСЕМБИЕВ,
облыс әкімінің орынбасары

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз