Атыраулықтар балықшылар күнін атап өтеді

gBhg Z38Zos Жаңалықтар

7 шілде  – балық шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай, өңірде бірнеше мерекелік шаралар өтеді.

gBhg-Z38Zos

Атап айтсақ, сағат 06.30 – 09.00 аралығында Атырау қалалық әкімдігі алаңындағы жағалауда әуесқой балық аулаудан жарыс өтеді. Ал Қ.Смағұлов көшесі жағалауындағы аймақта 20 мың бекіре балық шабақтарын Жайық өзеніне жіберу салтанаты сағат 09.30-10.00 болады деп күтілуде.

Сондай-ақ, сағат 09.30-12.30 уақытында Сұлтан Бейбарыс алаңында мерекелік концерт өтпекші. Онда балық өнімдерінің жәрмеңкесі, балық тазалаудан байқау, балық аулау бұйымдарын жасау, спорттық ойындар, кемелер шеруі сияқты іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Шара соңы мерекелік отшашумен аяқталады.

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз