Жарнама
Жаңалықтар

Жастарға 29 млрд теңгеге жеңілдетілген несие беріледі

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жастарға жеңілдікпен шағын несие беру тетігі іске қосылған.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы 10 тамыздағы жағдай бойынша 5,3 мыңнан астам өтінім түсіп, 3 344 жоба мақұлданды.

2 577 жобаны іске асыруға 11,4 млрд теңгеге несиелер берілді. Қалған жобалар қаржыландырылу үстінде.

Несие алушылардың басым көпшілігі мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, өсімдік шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы жобаларды іске асырушылар.

Айта кетейік, несие 21-35 жас аралығындағы азаматтарға өз кәсібін ашу немесе оны кеңейту үшін беріледі.

Жалпы 2023 жылы 29 млрд теңге сомасына 5 796 шағын несие беру жоспарланып отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button