Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғам

Жастарды әлеуметтік қолдау мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау өтті (ФОТО)

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде жастарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Шараны «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» мен Қазақстан жастар конгресі бірлесіп ұйымдастырып отыр.

ЕАС 004

Жиынға Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарынан келген белсенді жастар қатысты. Қоғамдық тыңдау кезінде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, жастар ұйымдарымен байланыс басқармасының басшысы Бағлан Әбдімова, Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директорының орынбасары Жанаргүл Жүнісова баяндама жасап, жастар тақырыбына қатысты өзекті мәселелерді зерделеді.

ЕАС 038

Сондай-ақ, «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы», «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» және т.б. мемлекеттік бағдарламалардың орындалысы талқыланды.

ЕАС 017

ЕАС 047

ЕАС 048

Гүлдана Жамбозова

Суреттерді түсірген: Ерлан Алтыбаев

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button