Жарнама
Жаңалықтар

Жастарды қолдауға арналған бағдарлама бекітілді

Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын тұлға. Сондықтан да жастар мәселесі қай кезде де күн тәртібінен түскен емес. Осы орайда облыс әкімінің орынбасары Нариман Таушовтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі қозғалды. Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Әлібек Қайыровтың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде былтырғыға қарағанда қылмыс саны төмендеген.

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Қанат Әзмұханов жастарды қолдау шараларының жүзеге асу барысын хабарлады.

— «Қазақстан Республикасының жастарын қолдау жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» бекітілгені белгілі. Бұл құжат жастардың көкейінде жүрген өзекті мәселерді шешуге ықпалы етеді. Оның ішінде сапалы білім алу, стартап жобалады қолдау, құқықтық сауаттылықты арттыру, қолжетімді баспана мәселесі бар, — деген басқарма басшысы алдағы жылдың жоспарымен бөлісті.

«Jas Otan» Жастар қанаты Атырау облыстық филиалының төрағасы Абылай Құрметұлы «Jastar Otanga!» бағдарламасы әзірленгенін тілге тиек етті. Оның айтуынша, соңғы жылдары елімізде жастар саясаты – маңызды стратегиялық сипат алып келеді.

Кеңес мүшелері жастар контингентін алаңдататын негізгі мәселелерді талқылап, ұсыныс-пікірлерін айтты. Осы орайда облыс әкімінің орынбасары Нариман Таушов идеялы жастардың жобаларының тиімділігі мен оның аясын кеңейту туралы пікірлесіп, өңір үшін қажетті бастамаларға әрдайым қолдау барын тілге тиек етті. Жастар мәселесіне немқұрайлы қарамау жөнінде ескертіп, нақты тапсырмалар берді. Оның ішінде арнайы бағдарламалар арқылы жас мамандарды тұрақты жұмысқа орналастыруға назар аударды.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button