Атыраудағы республикалық маңызы бар жолдарға жасалып жатқан жаңғырту жұмыстарынан кемшіліктер анықталып жатыр

1 4 Жаңалықтар

Аtr.kz/28 сәуір, 2020 жыл. Бұл туралы Аtr.kz-ге ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму  министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының баспасөз-қызметі хабарлады.

«Жыл басынан бері Атырау облысындағы республикалық деңгейдегі жолдарда жүргізіліп жатқан жатқан қайта жаңғырту және әртүрлі сипаттағы жөндеу жұмыстарының сапасын, құрылыс материалдарын тексерген мамандар кемшіліктің 27 дерегі анықтады.


Орталық жұмысына карантин кедергі емес. Жол саласының мамандары  елдегі төтенше жағдай кезінде де арнайы рұқсат қағазымен күн сайын қала шекарасынан шығып, республикалық маңыздағы жолдардың сапасын қатаң тексереді» делінген хабарламада.

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы Жантас Шәріповтың айтуынша, жыл басынан бері «Ақтөбе – Атырау – Астрахань» автомобиль жолын қайта жаңарту, «Атырау – Орал» және «Доссор – Құлсары-Бейнеу бағытындағы автомобиль жолдарында жасалып жатқан күтіп ұстау, ағымдағы жөндеу және кепілдікте тұрған нысандарда 181 рет тексеріс ұйымдастырылған.

1 34


– Нәтижесінде 27 ақау анықталды. Мәселен, «Атырау-Орал» жолын күтіп ұстау жұмыстарында, яғни жолдың жарылған бөліктеріне шайыр құю кезінде кемшіліктер табылды. Сондай-ақ, «Атырау – Орал» және «Ақтөбе – Атырау – Астрахань» кепілдікте тұрған жолдарды түнгі уақытта жарықтандыру  және «Доссор-Құлсары» жолындағы орташа жөндеу жұмыстарында да кемшіліктің бары белгілі болды. Аталған ақауларды уақытылы жою үшін тапсырыс беруші мекеме мен мердігерлерге хат жолданды, деді Ж.Шәріпов.


Орталық мамандары 2020 жылдың І тоқсанында тексерістегі жолдардан 101 рет сынама алған. Зертханада қолданыстағы қиыршықтас, құм, шайыр, малта тасты құмды қоспа, цементті бетон, битум, уақ қалдықтардың сапасын тексерген олар сәйкессіздіктің бір дерегін анықтаған.

Ол «Доссор -Құлсары» жолындағы орташа жөндеу жұмыстары кезінде пайдаланылып жатқан материал.  Бір қуанарлығы еліміздегі жол құрылысына пайдаланылатын өнімдердің 95 пайызы отандық.

Атырау аймағындағы жолдарға қажетті материалдар ПГС, қиыршықтас, битум негізінен көршілес Ақтөбе, Маңғыстау облыстарынан әкелінеді. Мамандардың айтуынша, Атырау облысы аумағында салынып жатқан республикалық жолдардың сапасы  облыстық деңгейдегі жолдармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.

«Аtr – Ақпарат»

http://atr.kz/bez-rubriki/эksklюziv-koronavirustan-zhazylyp-shyqqan-atyraulyq-algash-ret-ashyq-suhbat-berdi/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз