Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Жастардан құралған алғашқы экспедиция жолға шықты (ФОТО)

Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, қалалық жастар ресурстық орталығы мен «Жүректен Жүрекке» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Руxани жаңғыру» мақаласы аясында «ӨлкеTANY» жобасы басталды.

IMG_4107-23-08-17-04-04

Жобаның мақсаты – туған жеріміздің тариxын тану, табиғатын және облыс аумағындағы тариxи-мәдени ескерткіштер мен нысандардың ерекшелігін насихаттау.

Айта кетейік, бұл жастардан құралған алғашқы экспедиция. Өлкеміздегі белсенді жастар, қоғамдық ұйым мүшелері мен журналистер де қатысты. Аталған жоба Индер ауданына қарасты тариxи жерлерді аралаудан басталды.

IMG_4101-23-08-17-04-04

Киелі өңірге қадам басқан экспедиция мүшелері алдымен Жарсуат ауылындағы Махамбет Өтемісұлы атындағы әдеби-мемориалдық мұражай кешенін аралады.

Саяхатшы жастар бұдан соң зар заман ақыны Мұрат Мөңкеұлының мазарының басына аялдады. Мазар 1993 жылы биіктігі 8 метр болып тұрғызылған.

Мұрат Мөңкеұлының әруағына тағзым еткен жастар бұдан соң Қаройдағы Малайсарының, Махамбет батырлардың әруағына құран бағыштады.

IMG_4102-23-08-17-04-04

– Махамбет Өтемісұлы тарихи – қорығы 1992 жылы құрылды. Махамбет мазарына Беріштің белгісі шоқы белдеу өрнектіліп, күмбезі шайқалта киілген дулығы тәріздес кескінделіп, ұшар басына үшкіл тас орнатылуы батыр мазарына батырдың айбынын беріп тұрғандай. 2003 жылы бабамыздың 200 жылдық мерейтойы қарсаңында қорыққа күрделі жөндеу жүргіліп, қорық алаңына ағаштар отырғызылып, мазарға баратын жол абаттандырылды. Қорыққа шет елдерден, республиканың түкпір-түкпірінен баба рухына тағзым етуші қонақтар жиі келіп тұрады, – дейді қорым меңгерушісі С.Дауытбаев.

Индерден солтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымға жердегі Малайсары бидің мазарының жанында тастан қашалып жасалған бесік бар. Бұл жерге сәби сүйе алмай жүрген әйелдер келіп түнейді екен. Биіктігі 9 метр, жалпы ауданы 25 шаршы метр болатын батыр кесенесі 2001 жылы жөнделген екен.

IMG_4100-23-08-17-04-04

Индербор поселкесінен 15 шақырым жердегі Тұздыкөлге де арнайы ат басын бұрған жастар оның суының емдік шипасы бар екендігімен танысты. Жергілікті тұрғындар да бұл көлдің суы мен қара балшығының өзі тек буын емес, демікпе, бронхит секілді көптеген сырқаттарға бірден-бір ем болады, дейді. Әрі бұл Менделеев кестесінің 16 түрлі қазба байлығы «жасырынып» жатқан көрінеді.

– Жастар тарихи жерлеріміздің қадір-қасиетін түсініп, осындай байлықтарымыздың бар екендігін білсін, көрсін деген ниетпен қолға алынып жатқан жоба. Тегін апарып келеміз, ас-ауқатта бәрі ұйымдастырушылар тарапынан қарастырылған. Алдағы уақытта қызығушылық танытқан жастарға бізге қосылыңдар дейміз. Әлеуметтік желідегі парақшаларымызда толығырақ хабарланған, – дейді жоба туралы қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Серік Қадыров.

Абай АҚМҰРЗИЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button