ДІН ЭКСТРЕМИЗМ ЕМЕС

Біз дінді неге экстремизммен байланыстырып жүрміз? Хақ исламның шынайы бейнесін неге ұғындыра алмай отырмыз? Селолық округ әкімдері мен ақпараттық насихат топтары үшін өткен семинар барысында осы мәселе талқыланды.
Шарада облыстық Дін істері басқармасы жанындағы Ақпараттық талдау орталығының маманы Амангелді Оразов пен «Шапағат» діни деструктивті ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы директорының орынбасары Ашабай Медетов дәріс оқыды.
«Ақпараттық талдау орталығының да басты мақсаты – зардап шеккендерге көмек көрсету» деген Амангелді Оразов теолог мамандардың жат ағымның жетегінде кеткендермен бүгінде жұмыс жүргізіп жатқандығын айтты.

«Дін мен экстремизмнің бір-біріне қатысы жоқ. Экстремизм, ол – үрей. Дін – имандылық, бейбітшілік. Біз осының ара-жігін ажыратып білуіміз керек» деген ол ата-аналарға бала исламға қызығушылық танытқан жағдайда оны мешіт имамына тапсыруға кеңес берді. Ашабай Медетов экстремизмге қарсы күресте тиімді тәсілдің бірі – діни сауаттандыру екендігін айтты.
Дін мамандары қатысушылардың сауалдарына да жауап берді. «Ақпарат» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған шара мемлекеттік тапсырыс аясында өтті.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз