«Жастар – жемқорлыққа қарсы!»

Атырау облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында өткен театрландырылған конкурс осылай деп аталды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Атырау облысы бойынша департаменті мен облыстық білім беру басқармасымен бірлесіп өткізілген шара жасөспірімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Конкурсқа қатысушылар бес минуттан тұратын театрландырылған қойылым қойды.

Айта кету керек, сайыс, ең алдымен, аудандық деңгейде ұйымдастырылып, облыстық конкурсқа жеті мектеп жолдама алды. Сайыс қорытындысында қазылар алқасы 106 мектептің ішінен алты жеңімпазды анықтады. Жүлделі бірінші орынды Атырау қаласындағы №31 мектеп-гимназиясы жеңіп алды. Барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділікті қалыптастыру мақсатында аталған мектеп-интернатында семинар өтті.

Педагогикалық әдептің ережелерін түсіндіруге бағытталған жиында ұстаздарға балаларды психологиялық, моральдық және физикалық күш қолдану әдісімен оқытуға жол бермеу, шыншылдық, адалдық және тұлғаны сыйлау қағидаларын қамтамасыз ету мәселелері кеңінен айтылды.

Қатысушыларға шынайы түрде пара алу кезінде ұсталған лауазымды тұлға туралы бейнебаян көрсетілді. Түрлі пікір айтылып, әркім өз ойын талқыға салды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы жадынамалар таратылды.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз