Жарнама
Жаңалықтар

Кәсіби бағдар — болашақтың негізі

Өңіріміздегі белсенді жастарға Атырау облысы әкімдігімен бірлескен өңірлік форум өтті. Форумныңнегізгі мақсаты – талантты, дарынды жастарды мемлекеттік қызметке тарту және жастарға кәсіби бағыт-бағдар беру болды. Шараға спикер ретінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Еркебаев, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Айгерім Досқалиева, Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының директоры Еркебұлан Ғабдығапаров қатысты.

3de9c7b7 174b 4d70 9eb4 03d7e133a173

Нұрлан Тәңірбердіұлы өз сөзінде «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» қағидаттарын жүзеге асыруда ашықтық, әділдік пен отансүйгіштік қасиеттердің маңыздылығын атап өтіп, жастарға мемлекеттік қызметке келу үшін толық мүмкіндіктер жасалғанын жеткізді. Айгерім Жәрдемқызы өңір жастарымен бірлескен іс-шараларға шолу жасап, аймақтың дамуына үлес қосып жүрген жастардың әлеуетіне тоқталды.

Еркебұлан Серікұлы Мемлекеттік басқару академиясының қызметтері мен мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуына бағытталған бағдарламалар туралы баяндады. Форум аясындамемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғары оқу орындарын үздік тәмамдаған түлектерді ауылдық, аудандық деңгейдегі төменгі лауазымдарға тікелей тағайындау мүмкіндіктері хабарланды.

9071cacb e3d1 4576 9d5a 845be6d863ae 1

Шара барысында белсенді жастар спикерлерден маңызды сұрақтарға жауап алып, өздерін қызықтырған мәселелер бойынша нақты ақпараттармен танысты.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button