Жарнама
Жаңалықтар

Жастар саябағында жалынды әндер шырқалды

Ұлы Жеңіс жолында парыз бен намысты алға қойып, Отаны үшін от кешкен жаужүректерімізді ұлықтап, жанқиярлық ерліктерін еске алу, ұрпақ жадында жаңғырту — зор маңызға ие іс. Осынау бейбіт күннің келуіне атсалысқан батыр бабаларымыздың бүгінгі ұрпағы биыл Ұлы Жеңістің 80-ші көктемін тойламақ.

0f9340ec 057f 425f 8903 441ee8a79b28


Атырау қаласындағы Жастар саябағында қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Мәңгілік естелік” тақырыбында патриоттық әндер кеші өтті. Шараға Атырау қаласының белсенді жастары, еріктілері және танымал өнерпаздары қатысты. Ел басына қара бұлт үйірген сұрапыл соғыстың зардабын ұқтырар, жүрекжұтқан ерлердің таудай тұлғалық бейнесін айшықтар халық шығармалары және заманауи композициялар, патриоттық әндер шырқалып, тыңдармандарды ерекше әсерге бөледі. Рухты, жалынды әндер арқылы Отанға деген сүйіспеншілік сезімі артып, ұлттық құндылықтар насихатталды.

Еркеназ ҚАЛИЖАН
Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button