zhastar foto

Жастар практикасымен 180 атыраулық қамтылды

Жаңалықтар Экономика Қоғам


Atr.kz/6-наурыз. 2019 жыл. Атырауда жастар практикасымен 180 жас маман 83 мекемеде жұмыс жасауда. Ал, өткен жылы 567 жас тәжірибеден өтті.

2019 03 06 051735904500

Атырау қалалық жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Нариман Жомартұлының айтуынша, жастар практикасының жалақысы  63 125 теңгені құрайды екен.

–Бүгінде көпшілігі жастар практикасы арқылы жұмыс жасауда. Тұрақты түрде жалақылары беріліп отыр. Бірақ, қазір қаражат республикалық бюджеттен кешіріктірілуде. Нақты қай уақытта түсетіні белгісіз, – деп мәлімдеді Нариман Жомартұлы.

Айта кетейік, жастар практикасына соңғы үш жылдың түлектері, жұмыссыз ретінде тіркелгендер және олардың жасы 29-дан аспағандар жолдана алады. Жастар практикасының ұзақтығы 6 айдан аспайды. Жалпы, Атырауда 146 979 жас бар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған