Жарнама
Жаңалықтар

Жастар мен Мәслихат: Ұрпақ сабақтастығының айқын көрінісі

Атырау қаласында жастар мен облыстық мәслихат өкілдерінің кездесуі ұйымдастырылды. “Мен қазақтың баласы” атты бұл кездесуге Атырау облыстық мәслихатының төрағасы Мұса Хайруллиев бастаған тұрақты комиссия төрағалары Абдолла Идресов, Ермекқали Юсупов, Арман Хайруллин, Нұрлыбек Даралиев және Айбар Ерекешов қатысты.

f82b20d8 bc46 4f06 977b ea95f842fa3f

Кездесудің басты мақсаты — жастарды ұлттық құндылықтарға бағыттау, қоғамдағы жастар рөлін арттыру және олардың дамуына қолдау көрсету болды. Еркін форматтағы бұл жиында жастар болашаққа деген арман-мақсаттары мен қоғамдағы өз орындары туралы ойларын ортаға салды.

Кездесу барысында мәслихат депутаттары жастарға өмірлік тәжірибелерін айтып, алдағы уақытта мұндай жүздесулердің жиі ұйымдастырылатынын жеткізді. Жиынға қатысқан әрбір қонақ өз саласында табысқа жеткен, халықтың сенімін ақтап жүрген тұлғалар болғандықтан, олардың кеңестері жастарға шабыт берді. Атырау облыстық мәслихатының төрағасы Мұса Хайруллиев — өз саласында танылған, көп жылдық еңбегі мен жетістіктері мол тұлға. Ол жастарға алдағы жолда бағыт-бағдар беріп, олардың сұрақтарына жауап беріп, болашаққа ұмтылуға шабыттандырды.

Кездесуде Экология және табиғатты пайдалану комиссиясының төрағасы Арман Хайруллин: «20 жыл бұрын біз де осындай ортада болдық. Қазіргі жастардың көзқарасы кең, бірақ олардың әдіс-тәсілдері мен құндылықтары бөлек. Сондықтан ұрпақтар сабақтастығын сақтау, ортақ құндылықтарды нығайту аса маңызды. Жастарға өз жолын табу үшін бар мүмкіндіктерді пайдалану қажет, сондықтан біз мұндай кездесулерді аудан деңгейінде де өткізуді жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті. Сонымен қатар, ол адал еңбек ету мен елге қызмет қылудың әрбір азаматтың парызы екенін айта кетті.

2fb6110e a16b 4d3c a80f 057859f50ad0

Іс-шара барысында талантты Нұрай Наликова «Әнші дауыс» термесін нақышына келтіре орындап, кездесуге ерекше рух берді. Кездесудің соңында, белсенділік танытып, мазмұнды сұрақтар қойған бес студентке арнайы сый ретінде кітаптар тарту етілді.

Кездесуде ерекше құрметке ие болған Атырау облыстық мәслихатының төрағасы Мұса Хайруллиев, көпжылдық тәжірибесі мен жетістіктері арқылы жастарға үлгі болды. Мұса Қарашаұлы өзінің еңбек жолын қаладағы қарапайым жұмыстардан бастағанымен, әр қадамында елге пайдасын тигізуді басты мақсат етті. Білім мен білікті ұштастырған ол мұнай-газ саласында тау-кен инженері және экономика ғылымдарының магистрі атағына қол жеткізіп, елдің экономикалық дамуына үлес қосып жүрген тұлғаға айналды. Оның өмірі жастарға тек армандап қана қоймай, өз армандарына жету үшін аянбай еңбек етудің қаншалықты маңызды екенін көрсетті.

86de30bd 5cda 4325 bfff 81183dd70e38

Кездесу барысында Мұса Қарашаұлы жастарды ынталандырып, олардың ел болашағына деген сенімдерін арттыруға бағытталған кеңестерін берді.

Мұса Қарашаұлының жастарға деген қолдауы мен олардың армандарына деген құрметі оның көшбасшы ретіндегі беделін арттырып, облыстың болашағына деген сенімді нығайта түсті.

Жайна МӘЛІМҚОЖА

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button