Жаңалықтар

Қазақстанда баспанаға сұраныс күрт артты

Қазақстанда шілдеде өткен айлармен салыстырғанда баспанаға сұраныс күрт өскен. Мамандар жаз уақытында тұрғындардың үй мәселесін реттеуі заңдылық екенін алға тартып отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылғы шілдеде тіркелген тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 40 099-ды құраған. Оның 9 126-сы жеке тұрғын үйлерге, ал 30 973-і көпқабатты үйлердегі пәтерлерге қатысты келісімшарттар екенін атап өткен жөн.

2024 жылғы маусыммен салыстырғанда тұрғын үйді сатып алу-сату операцияларының саны 21,7%-ға өсті. Мәмілелер саны бойынша Алматы (7 091) және Астана (6 843) қалалары және Қарағанды облысы (3 208) көш бастап тұр.

«Батыс Қазақстан облысын қоспағанда (5%-ға аз) 2024 жылдың шілдесінде еліміздің барлық өңірлерінде транзакциялардың өсуі тіркелді. 2024 жылғы маусыммен салыстырғанда көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй операцияларының саны 24,5%-ға (6 088 транзакцияға) артты», — делінген Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәліметте.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін биыл елімізде баспана бағасы 10-15 пайызға қымбаттауы мүмкін екені хабарланған болатын.

Сурет ҚазАқпарат

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button