Жарнама
БілімЖаңалықтарМәдениетСаясатҚоғам

Жастарға жұмыс табыла ма?

Қолына дипломын алып, бір-бір мамандықтың иесі атанған жастар міндетті түрде жұмысқа орналасуы тиіс. Бұл – тәуелсіз еліміздің алға қойған басты мақсаттарының бірі. Облыс көлемінде жастарды жұмыспен қамту және олардың арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып келеді.

Zhas times форум выпускников НИШ (186)

Жастар саясатын жүзеге асыру елді жаңашылдыққа, интеллектуалды бәсекелестікке жетелейді. Елбасы «Кез келген ел өз келешегін болашақ ұрпағымен байланыстырады» деген болатын. Сондықтан, жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады. Әсіресе,  оларды жұмыспен қамту ісі басты назардағы мәселе екені белгілі. Осы проблеманы жою үшін «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020» атты бағдарламалар қолға алынып, еліміздің әр өңірінде жүзеге асырылуда.

Өткен жылы жұмыспен қамту орталықтарына он мыңнан астам  жас хабарласқан. Мәселен, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында барлығы 12 498 жасқа әлеуметтік қолдау түрлері көрсетіліп, оның 58,4% тұрақты жұмыспен қамтылды. Жастар тәжірибесіне 1 186 жас түлек жолданып, олар  қала, аудандық әкімшілікке қарасты мемлекеттік органдарда, «Атырау жарық» АҚ-на, «Бек и Ко», «Олжа», «Атырау Констракшн Сервисез» акционерлік қоғамдары мен «Болашақ Атырау», «Казкомсервис», «Жылыойгаз», «Құлсарыгаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне жұмысқа жіберілді. Жастардың басым көпшілігі мұғалім, экономист, психолог, әлеуметтік қызметкер, тәрбиеші есепші, заңгер, техник, энергетик, іс-жүргізуші, программист, агроном, медбике, лаборант мамандықтары бойынша жұмысқа орналасты.

Сонымен қатар, көптеген жеке кәсіпкерлік нысандары мен «Қайнар», «Мұхаммед Әли», «Мұрат», «Азат», «Нұр», «Бекжан», «Сәтжан» шаруа қожалықтарына әлеуметтік жұмыстар ұйымдастырылды. Мектептерде де жұмыспен қамту орталықтары, жастар ресурстық орталығы қызметкерлерімен, сонымен қатар мамандық иелерімен кездесу кештері және «Жастарға кеңес» атты әр бағытта консультациялық қызмет көрсету жұмыстары тұрақты  түрде көрсетілуде. Өңірде әр жыл сайын мекемелер мен түрлі компаниялардың қатысуымен жәрмеңкелер өткізу дәстүрге айналған. Ел болашағы – жастарды жұмыспен қамту ісі  басқарманың күн тәртібінен түскен емес.

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өткен жылы әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 19 ауқымды жоба  жүзеге асты. Ал, биыл «Ұлы даланың жеті қыры», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Елбасының бағдарламалық мақалалары аясында «Өлкетану» және ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатындағы бірқатар жобалар бастау алғалы отыр. Оның қатарында отбасы институтын қалыптастыру мақсатындағы ауқымды шаралар бар. Атаулы  жылға орай Атырау облысы жастарының аудандардағы күндерін өткізу де жоспарлануда.

Роллан ҚҰСПАН,

облыстық жастар саясаты мәселелері

басқармасының басшысы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button