
Жасанды интеллект көмегімен жасалған туындының авторы кім болады — Заң жобасы
Жасанды интеллектіге негізделген алгоритм арқылы жасалған туындының авторы кім болады? Алгоритм арқылы тапсырма беріп, оны жасатқан адам ба, әлде алгоритм иесі ме? Мәжілістің жалпы отырысында заң жобасын талқылаған депутаттар осы мәселеге алаңдаушылық білдірді.
ШҚО-да еңбек қауіпсіздігін жасанды интеллект бақылайды. Бұл туралы kaz.inform.kz хабарлады.
Депутат Ерлан Стамбеков бұл мәселеге қазір бүкіл әлем бас қатырып отырғанын айта келіп, Қазақстан қай нұсқаны таңдайтынын сұрады.
Баяндамашы депутат Екатерина Смышляева заң жобасын әзірлеушілердің бұл мәселедегі ұстанымы әлі толықтай қалыптасып үлгермегенін айтты.
— Жасанды интеллект арқылы арнайы алгоритм көмегімен жасалған туындының авторы алгоритмге иелік етуші тұлға болады. Бұл жағдайда алгоритм иесі туындының авторы кім екенін айқындауға хақылы. Егер адам туындыны қандай бір чаттың моделі арқылы жасауға бүкіл жан-тәнін салған болса, әлемде соны дәлелдеу керек дейтін талап бар. Яғни, адамның туындыны жасаудағы үлесін өлшеу тәсілі қолданылады. Адамның үлесі 50 пайыздан асса, сол адам туынды авторы болып есептеледі. Бірақ бұл ұстанымды әкімшілендіру өте күрделі болатын түрі бар. Сондықтан әзірге авторды айқындау құқығын алгоритм иесіне қалдырып отырмыз. Ал туындыны әзірлеуші мен алгоритм иесінің арасындағы қатынастар азаматтық қатынасқа жатады, — деді Мәжіліс депутаты.
Бұған дейін Қазақстанда қай салаға жасанды интеллект белсенді енгізіліп жатқанын жазған едік.