«Жас құтқарушы» сыныбы ашылды
Атырау қаласы Қ. Қайсенов атындағы №33 орта мектебінде «Жас құтқарушы» сыныбының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды atr.kz тілшісі Атырау облысы ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Салтанатты іс-шара барысында жас құтқарушылар сыныптың ашылу құрметіне салтанатты шеру мен концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
Іс-шараға Атырау облысы ТЖД ардагерлері, Атырау қаласы әкімінің орынбасары Е. Омаров, Атырау қаласы ТЖБ басшылығы мен қызметкерлері, білім бөлімі өкілі мен мектеп ұжымы қатысты.
Кадет сыныбын құрудың мақсаты табиғи және техногендік сипаттағы түрлі төтенше жағдайлар кезінде жедел дұрыс шешім қабылдау білімі мен дағдыларын дамыту, өрт қауіпсіздігі саласындағы алдын алу, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету бөлігінде жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеу болып табылады.
Жас құтқарушы сыныбы 8-ші сынып оқушылары үшін құтқарушылардың үлгісі бойынша арнайы нысанды киім әзірленіп, тігілді.
Өз кезегінде Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы азаматтық қорғау майоры Ғабит Бабаев «Жас құтқарушылар» сыныбының облыс бойынша алғаш рет Атырау қаласындағы Қ. Қайсенов атындағы №33 орта мектепте ашылып жатқанын тілге тиек етті.
Сыныптың пайдалануға берілуіне қолдау көрсеткен білім бөліміне, құтқару құрал-жабдықтарымен жабдықтаған мектеп ұжымына алғысын жеткізіп, жас құтқарушыларға куәлік табыс¬тады.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар депаратаментінің ардагерлері Сабырғали Досмағанбетов пен Айнагүл Жадырасинова «Жас құтқарушы» сыныбының лентасын қиып, салтанатты түрде ашып, жас құтқарушыларға сәттілік тіледі.
Жас құтқарушы сыныбында оқушылардың үлгерім деңгейіне және жалпы тәртіпке оң әсер етті. Жас құтқарушылар саптық дайындықпен оңай оқиды және айналысады, мектеп және ведомстволық іс-шараларға белсенді қатысады.
Оқушылар 11-сыныпты бітіргенге дейін сынып жетекшісі мен мектептің әскери басшысына кураторлық жүктелген.
Негізінен, төтенше жағдайлар саласында жұмыс істеуге талабы бар оқушылар саны жыл санап артып келеді. Енді мектеп оқушылары осы саланың қыр-сырын кәсіби тұрғыда меңгеретін болады. №33 Қ. Қайсенов атындағы орта мектепің 8 сынып оқушыларынан құралған «Жас құтқарушылар» сала мамандарынан кеңес алып, білімін жан-жақты жетілдіре алады. Сонымен қатар «Жас құтқарушылар» сыныбы қауіпсіздікті сақтау, төтенше жағдайлардың алдын алуға қатысты құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда оқушыларға патриоттық бағытта іс-шаралар өткізіледі деп жоспарлануда.