Жас құтқарушы Дінмұхаммед ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Суда батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды

9587e483 7ef3 40f8 ae84 e2aa467b8f50 Жаңалықтар

ТЖ министрі Юрий Ильиннің бұйрығымен Атырау облысында баланы суда құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, ерлігі және жанқиярлығы үшін жас құтқарушы Дінмұхаммед Жаңбырбай «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» Қазақстан Республикасы ТЖМ медалімен наградталды.

Министр Дінмұхаммедке батырлық іс-әрекеті үшін, оның ата-анасына айналасындағыларға көмекке келуге дайын тұратын баланы тәрбиелегені үшін алғыс білдірді.

09c4bc80 ddcc 4462 8c63 d3f85ff70fbd

Сонымен бірге, Юрий Ильин қысқы мерзімде де, жазғы мерзімде де судағы қауіпсіздікті сақтаудың маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ, қауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес берді. 

Осыған байланысты, Атырау облысы ТЖД, сондай-ақ басқа өңірлерге қысқы мерзімде қауіпсіздік қағидаларын түсіндіру үшін білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауды күшейту туралы тапсырма берді.

Дінмұхаммедке ведомстволық награданы Атырау облысы ТЖД басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Жаңабаев табыс етті.

Сонымен қатар, Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Жаңабаев Нұрлан Мақсотұлы Дінмұхаммедті алғыс хатпен марапаттап, сыйлық берді. 

Еске сала кетейік, оқиға 2022 жылғы 3 желтоқсан күні Атырау қаласындағы Жайық өзенінің жағасында болған. Дінмұхаммед 2008, 2013 жылы туған достарымен жексенбі күні түстен кейін мұз үстінде ойнап жүрді. 2008 және 2013 жылғы балалардың аяқтарының астындағы әлсіз мұз кенеттен жарылып, балалар су астына кетті. Шетте тұрған 8 жасар Дінмұхаммед су астына кеткенін көріп, ойланбастан өз өмірін қатерге тігіп, көмекке келеді. Дінмұхаммед өзі әлсіз мұздың үстінде тұрғанына қарамастан, достарының бірін судан алып шықты.

Дінмұхаммедтің жылдам әрекетінің арқасында судағы қайғылы жағдайға жол берілмеді.

Атырау облысы ТЖД

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз