Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

«Жас Отау» бағдарламасы аясында биыл қанша үй пайдалануға беріледі?

Былтыр «Жас Отау» жобасы бойынша 120 пәтерлік тұрғын үй қолданысқа берілсе, ал биыл 100 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаев есеп беру жиналысында айтты.

Novostrojki-mkr.-Nursaya

Сондай-ақ, жастар саясаты мәселелері басқармасында 14 мың жасқа қолдау көрсетілді. Соның ішінде 164 маман «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен ауылға ат басын бұрса , 11 878 жас «Жұмыспен қамту», ал 2000 сарбаз «Жасыл ел» жасақтарында жұмыспен қамтылған. Республика берген 39 млн теңгеге сарбаздарға жергілікті бюджеттен 101 млн теңге қосымша қаражат беріліп, археологиялық құрылыс жасақтарын жасақтауға мүмкіншілік берілді.

Бүгінгі таңда 18 мыңнан астам студентке қоғамдық көліктерде жеңілдетілген жолақымен жүруіне арналған әлеуметтік жәрдемақы төленуде.

Хорлан Смадияр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button