Атырауда қалдықтарды сұрыптау кешені іске қосылды (+ФОТО)

190724192511404e Жаңалықтар

Atr.kz/25 шілде, 2019 жыл. Жаңа кешен 7 түрлі қалдықты сұрыптайды.

Кешеннің ашылуына табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қадыржан Арыстан және қала әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев қатысып, жаңа кәсіпорынның жұмысымен танысты.

«Қазіргі таңда қала тұрғындарының ыңғайлылығы үшін тұрмыстық қалдықтарды түріне қарай бөліп жинақтайтын қоқыс жәшіктері орнатылуда. Бұл қалдықтарды сұрыптау жұмыстарына да оң ықпал етеді. Мұның барлығы экологиялық ахуалдың жақсаруына септігін тигізеді. Алайда, әр игі істің бастамашысы сіздер мен біздер. Сол себепті қала тазалығының сақталуына бірігіп атсалысайық» – деді қала әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев.

1907241923517312f
1907241923517310f 1
1907241923517313f

Айта кетейік, «Арнаулы автобаза» ЖШС–нің мәліметінше қаладан тәулігіне 250–300 тоннаға дейін қоқыс шығарылады.

«Кешен жеке инвестор есебінен Беларусьтағы «Сифания – Экотехника» компаниясынан сатып алынды. Сатып алынған жабдықтар жылына 100 мың тонна қатты қалдықтарды муниципалдық қалдықтарды сұрыптауға арналған. Мұнда әзірге 35 адам жұмыспен қамтылған» – дейді «Арнаулы автобаза» ЖШС директорының міндетін атқарушы Алмас Ізтілеуов.

Кешенге әкелінген қоқыс бункерге түсіріліп, содан кейін көлбеу конвейер арқылы кабинаның ішіндегі сұрыптау тасбасына тікелей түседі. Сол жерде қалдықтардан пайдалы заттар – қайталама полимер, пластик бөтелкелер, макулатуралар, тоқыма өнімдері, металл сынықтары, шыны және сынған әйнектер сұрыпталады. Таспалы конвейер ұзына бойы сұрыпталған қоқысқа арналған контейнер ыдыстармен жарақталған. Жанбайтын органикалық фракциялар бұрынғыша жойылатын болады.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

1907241923517314f
1907241923517316f
1907241923517311f
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз