Жас мұғалім үшінші сынып оқушысын зорламақ болды
Ақтөбедегі мектептердің бірінде мұғалімге қатысты шу шықты. Дене шынықтыру пәнінен сабақ беретін 23 жастағы азамат үшінші сынып оқушысын зорлады деген күдікке ілінді деп хабарлайды 31 арна.
Шағымданған ата-ана мұғалім үшінші сыныпта оқитын қызына жыныс мүшесін көрсетіп, қолымен ұстатқан деп отыр. Қазір бұл оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Ал оқуын қызыл дипломмен аяқтап, биыл ғана дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болған азамат бұлай істеді дегенге ұжым сене алар емеспіз дейді.
Мұғалімнен зәбір көруі мүмкін деген оқушының ата-анасы әзірге ел алдына шығуды қаламапты. Ал, мектеп директоры жас мұғалім «олай істемеді» деп кесіп айта алмайды. Айтуынша, қазір кішкентай қызға тиісті деген мұғалім тергеуге байланысты жұмыстан шеттетілген. Дегенмен, басшылық жас мұғалімнен жаман қылық байқамаған едік деп отыр.
«Ес-ақылы дұрыс, колледж бітірген бала. Арақ ішпейді, темекі тартпайды. Оның артынан ондай жағдайды ешқашан көрген емеспіз. Қазір мен сізге нақты ештеңе айта алмаймын. Неге десеңіз қазір следствиесі жүріп жатыр. Бізге олар анық ештеңе айтқан жоқ», — дейді Ақтөбе қаласы №16 орта мектебінің директоры Латып Әліби.
Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл оқиғаға қатысты шағым полиция бөліміне түскен. Қазір мұғалімнің әрекеттеріне қатысты істі полицейлер жан-жақты тексеріп, айналысып жатыр дейді.