Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Жас келсе – іске

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Енді бұл лауазымды Жасұлан Орақ-ұлы Бисембиев атқаратын болады.  Ұжымға жаңа лауазым иесін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев  таныстырды.

жаналвыктар

Ұжыммен кездесу барысында облыс әкімі Жасұлан Бисембиев-тің еңбек жолына тоқталды.

2007-2008 жылдары «Жасыл ел» Атырау облыстық филиалы жетекшісінің орынбасары, жетекшісі қызметтерін атқарып, кейінгі екі жылда «Тарлан Атырау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы болды. Бұдан соң  «Альянс банк» АҚ Атырау қаласындағы филиалында маман, «Атырау-Ақпарат» кәсіпорнында төрағаның көмекшісі, облыс әкімі аппаратында бас маман міндетін атқарып, 2013-2016 жылдары Атырау қаласының Жастар ресурстары орталығының басшысы болды. Ал, бүгінгі күнге дейін Жасұлан Бисем-биев аталмыш басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарып келген болатын.

— Жасұлан өздеріңізге жақсы таныс. Қоғамдық бірлестікте қызмет атқарды. Жастар саясаты мәселелері бойынша атқарылатын жұмыстарды жетік біледі. Сондықтан, осы лауазымда басшылықтың қойған міндеттерін жоғары деңгейде орындап, жастардың облыстың қоғамдық өміріне белсене араласуын қамтамасыз ету,  жұмыссыздық мәселелерін шешуде барлық күш-жігерін жұмсайды деп сенім білдіремін, — деді аймақ басшысы Нұрлан Асқарұлы.

Айгүл Ертілеу.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button