Жарнама
Жаңалықтар

Жарқын болашақ үшін…

Осы уақытқа дейін маңызды саяси науқаннан қалыс қалған емеспін. Бүгін де №228 сайлау учаскесіне барып, өзімнің дауысымды бердім.

 Иә, көпшілігі мені сабақта тың тәсілдерді қолданатын мұғалім ретінде біледі. Білім саласының маманы болғаннан соң елде жүргізіліп жатқан реформаларды да жіті бақылап отыратыным рас.

Биылғы саяси науқанда халықтың ерекше белсенділігі байқалып отыр. Ертесімен сайлау учаскелеріне келушілердің қатарында үлкен адамдармен қатар, жастардың қарасы көп екендігін аңғардым. Бұл кейінгі буынның ел келешегіне бей-жай қарамайтындығының көрінісі болса керек.

Халықтың Президенттікке кандидаттардың бағдарламаларымен танысуына барлық жағдай жасалды. Енді сайлаушылар соған сәйкес өздерінің таңдауын жасап отыр. Өзім секілді белсенді жастар да ел болашағы үшін дауыс береді, саяси науқаннан тыс қалмайды деп сенемін.  

Ислам ҚАДЫРОВ,

жас ұстаз

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button