ЖаңалықтарҚоғам
Жәрмеңкеден жұмыс тапты
Atr.kz/28 тамыз, 2019 жыл. Атырау облысында мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесіне биыл 800-ден аса адам қатысты.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бастамасымен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жыл басынан бері 18 мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі өткізілді.
Жергілікті
атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің
қызметкерлері жәрмеңкеге келушілерге мемлекеттік қызметтер көрсетіп,
азаматтардың сұрақтары бойынша кеңестер, сондай-ақ ЭЦҚ берді.
Айта
кетейік, бүгін, 28 тамыз күні сағат 15.00-де Ақсай ауылдық округінде
кезекті мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі өтеді. Оған жергілікті
атқарушы органдар мен ХҚКО қызметкерлері қатысатын болады.