
Жәрмеңкеде жұмыс бар ма?
Халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырылған жұмыс жәрмеңкесі жас мамандарға үміт сыйлап, еңбек нарығындағы нақты ахуалды көрсетті. 200-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылған бұл шара – жастар мен жұмысберушілер арасындағы алтын көпірге айналды.

12 тамыз – Халықаралық жастар күні қарсаңында Атырау қаласында өткен «Жастар жұмыс жәрмеңкесі» өңір жастарына болашаққа бағыт берген маңыздышара болды. Аталған іс-шараны Атырау қаласы әкімдігінің қолдауымен Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Мақсаты – оқу орнын енді ғана аяқтап, жұмыс іздеп жүрген түлектер мен жұмыссыз жастарғақолдау көрсету, еңбекке бейімдеу және жұмыссыздықдеңгейін төмендету.
Жәрмеңкеге 18-35 жас аралығындағы жүздеген жасқатысты. Олар әртүрлі сала бойынша ұсынылған 200-ге жуық бос жұмыс орнына өз түйіндемелерінқалдырды. 30-ға жуық өндірістік және қызмет көрсету ұйымдары, мемлекеттік мекемелер жастармен ашық байланыс орнатуға келді.
Ірі компаниялар – жас кадр іздеуде
Жәрмеңкеде Атырау облысындағы жетекшікомпаниялар – «ҚазТрансОйл» АҚ, «Schlumberger(SLB)», «Kazakhstan Petrochemical Industries» ЖШС, «Tenaz Management» ЖШС, «СТАМГазСтрой» ЖШС, «Кәсіби Таңдау» ЖШС, «Денхолм Жолдас» ЖШС, «Атырау Жарық» АҚ, «Атырау жылу электр орталығы» АҚ және өзге де мекемелер жас кадрларды жұмысқатартуға ниетті екенін білдірді.

Мұнай-газ, құрылыс, логистика, IT, энергетика, өндіріс, білім беру және қызмет көрсету салалары бойыншанақты бос орындар ұсынылды.
Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов жәрмеңкеге қатысып, жастарды мерекеменқұттықтап, елдің болашағы – жастар екенін атап өтті.
— Жастар – ел болашағы. Мемлекетіміз олардыәрдайым қолдап келеді. Бүгінгі жәрмеңке — осы бағыттағы нақты қолдаудың бір көрінісі. Бұл іс-шара – жастардың өз кәсібін табуына, еңбек нарығына сенімдіқадам басуына жол ашады. Сіздерге сәттілік тілеймін, – деді әкім орынбасары.
Кадр тапшылығы бар салалар да ашық айтылды
Жәрмеңке барысында кейбір мемлекеттік мекемеөкілдері нақты маман тапшылығы бар екенінжасырмады. Атырау облыстық төтенше жағдайлардепартаментінің мамандары қазіргі таңда жүргізушімамандығы бойынша кадр жетіспеушілігі мәселесін көтерді.

— Бүгінде бізге жүргізушілер өте қажет. Тек қаладағана емес, аудандарда да бұл бағытта тапшылық бар. Жастар бұл мамандыққа аса қызығушылық танытабермейді. Бірақ жұмыс тұрақты, айлығы да жаманемес. Қызметке орналасу үшін алдымен медициналықкомиссиядан өту қажет. Сонымен қатар, үміткерлердендене шынықтыру дайындығы талап етіледі. Қызметкеқабылданудағы жас шектеуі – 35 жасқа дейін.
Үміткерлер міндетті түрде әңгімелесу мен полиграфиялық тексерістен өтеді. Осы кезеңдерденсәтті өткен соң ғана қызметке қабылдану мүмкіндігітуады.
Біздің жұмыс жағдайымыз өте жақсы. Жұмыс кестесі — 1 тәулік жұмыс істеп, 3 күн демалыс беріледі. Бұлқызметкерлер үшін ыңғайлы және тиімді. Қызметкер 48 жасында зейнетке шыға алады, бұл да – үлкенартықшылықтардың бірі.
Сонымен қатар, биылдан бастап қызметкерлергепәтер жалдауға арналған қаржылай төлемдерқарастырылған. Яғни, қызметкер баспананы жалғаалса, оған арендалық төлем толық өтеледі.
Қазір біз «Отбасы банкімен» бірлесіп жұмыс жүргізіпжатырмыз. Арнайы шот ашылып, болашақта осы шоттарға тұрғын үй төлемдері түсетін болады, – дедікадр басқамасының бастығы Асқар Серікбаев.
Олар бұл ақпаратты жас мамандарға жан-жақтытүсіндіріп, нақты талаптар мен жұмыс шарттарынтаныстырды.
Жас мамандар: «Бастысы – мүмкіндік»
Жәрмеңкеде жоғары оқу орнын енді ғана аяқтап, тәжірибе талаптарына тап болған жастар да кездесті. Солардың бірі – Санжар Қайыриев, Алматыдағы ЖОО-ны биыл бітірген IT маманы.
— Бағдарламалау саласы бойынша оқып шықтым. Бірақ жұмыс іздей бастағанда бәрі «тәжірибең бар ма?» деп сұрайды. Жоқ десем, қабылдамайды. Кеше ғанадиплом алған адамда қандай тәжірибе болуы мүмкін? Сол себепті осы жәрмеңкеге үлкен үмітпен келдім. Еңбастысы – мүмкіндік беру, ал қалғанын өзім үйренемін, – дейді Санжар.
Ал дене шынықтыру мамандығын бітірген Айдос Әлібеков есімді жас маман мектептер мен спорт мекемелеріне жұмысқа тұруға ниетті.
— Волейболмен шұғылданып келемін, бірқатароблыстық жарыстарда жүлде алдым. Балаларменжұмыс істегім келеді, спортқа баулуға дайынмын. Осындай жәрмеңкелер арқылы өз орнымызды табуғажол ашылады, – дейді ол.
Мектептерге де маман керек
Жәрмеңке барысында білім беру саласындағы кадр мәселесі де назардан тыс қалмады. Атап айтқанда, Атырау қаласындағы №24 мектепке бірнеше пән бойынша мұғалімдер жетіспейтіні белгілі болды.
Орыс сыныптарына арналған кадр тапшылығы — ерекше алаңдатарлық мәселе. Мектеп өкілдерінің айтуынша, тарих, математика, физика пәндері бойынша білікті мамандар қажет. Бұл мәселе оқу жылының басталуына аз уақыт қалғанда өзекті болып отыр.
— Әсіресе, орыс тілінде сабақ беретін пән мұғалімдері тапшы. Жас мамандар келіп, осы бағытта жұмыс істесе, біз қуана қабылдаймыз. Қазіргі таңда бірнеше сыныптарда толық жүктемені жабу қиынға соғуда, — дейді мектеп әкімшілігінің өкілі.
Бұл жағдай білім беру саласында да кадр тапшылығы бар екенін, жас мамандарға үлкен сұраныс туындап отырғанын көрсетеді.
Айтпақшы, бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде жұмыс іздеушілердің көпшілігі «Болашақ Атырау» ЖШС-ның ақпараттық бұрышына бет бұрды. Компания өкілдері жәрмеңке барысында азаматтарға кеңес беріп, өздерінің қызмет бағыттарымен таныстырды.Бұл жерде де жас мамандарға жұмыс табылмады. Кем дегенде 1 жыл жұмыс тәжірибесі болуы міндетті екен.
Аталған ұйым техникалық және инженерлік шешімдер ұсыну бойынша Қазақстан нарығында беделге ие. Олар персоналмен қамтамасыз ету, мамандарды іріктеу, техникалық қызметтер, жобаларға қолдау көрсету, сапа бақылау және инспекциялық жұмыстар сынды бірнеше бағытта қызмет көрсетеді.
Қатысушылар компанияның түрлі аймақтарда – Атырау, Теңіз, Алматы, Ақтау, Орал, Ақсай, Астана сынды қалаларда жұмыс істеу мүмкіндігі бар екенін біліп, өз түйіндемелерін қалдырды.
Жәрмеңкеге келген жастар мен жұмыссыз азаматтар үшін бұл – өз болашағына нақты қадам жасауға берілген үлкен мүмкіндік болды. «Болашақ Атырау» ЖШС сынды алпауыт компаниялардың қатысуы шараның маңыздылығын арттыра түсті.
Әлеуметтік қолдау жастарға сенімді болашақ сыйлайды
Жәрмеңке барысында көптеген жас түлек жұмыс берушілермен сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болды. Кейбірі жұмысқа қабылдау бойынша нақты келісімге де қол жеткізді. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жұмысқа орналасқан жастардың тізімі бір апта ішіндесараланып, ресми түрде жарияланатын болады.
Бұл жәрмеңке – жастарға бағытталған мемлекеттік қолдаудың айқын көрінісі. Жастардың кәсіби өсуіне, еңбекке бейімделуіне, өз саласын табуынакөмектесетін мұндай шаралар – елдің жарқынболашағына салынған инвестиция.
Бүгінгі жас – ертеңгі ел тірегі. Сондықтан оларға қолдаукөрсету – мемлекет пен қоғамның басты міндеті. Ал жәрмеңке – сол қолдаудың шынайы бір мысалы.
Рита ӨТЕУҒАЛИ
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ, Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ