Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

ЖӘРДЕМАҚЫ: Жаңа жылда не өзгереді?

Atr.kz/26 қараша, 2019 жыл. Жаңа жылдан бастап мемлекеттік жәрдемақы көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленеді.

Яғни, төрт немесе одан да көп кәмелетке толмаған және 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар барлық санаттағы отбасылар қамтылады деп күтілуде. Кеше Парламент Мәжілісі «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын қарап, екінші оқылымда мақұлдады.

Қ ұ ж а т т а е ң б е к е т у қабілетінен, асыраушысынан және жұмысынан айырылғанда төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде қолданылатын параметрлер қайта нақтыланды. Айтуларынша, бұл төлемді орташа есеппен 30%-ға арттыруға мүмкіндік береді екен.

Ал, заңның екінші жобасында көпбалалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы тағайындауды, атаулы әлеуметтік көмек көрсету механизмдерін жетілдіруді және табысы аз отбасылардан шыққан балаларға кепілді әлеуметтік пакет енгізу көзделеді. Осылайша, аталған жобада келер жылдан бастап кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасыларға немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу нысанындағы студенттерге мемлекеттік жәрдемақы төлеу қарастырылып отыр.

Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілі бойынша, аталған жәрдемақы тоқсан сайын тағайындалады және қолданыстағы шекті өлшем шарт сақталуы қажет. Яғни, отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табыс ең төмен күнкөріс деңгейінен 70%-дан кем болмауы тиіс, сонымен қатар, еңбекке қабілетті азаматтарға қойылатын талаптар күшейтіліп, олар ж ұ м ы с қ а о р н а л а с у д а н бас тартқан жағдайда атаулы әлеуметтік көмек төлемі бүкіл отбасына тоқтатылады.

Және процесс барысында учаскелік комиссияларға жүктелер міндеттемелер де артып, отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізу мерзімі бұрын үш күн қаралатын болса, енді 7 күнге дейін ұлғаяды. Тағы бір айта кетерлігі, кепілді әлеуметтік пакет 1 жастан 6 жасқа дейінгі табысы аз отбасыларының балаларын азық-түлікпен және гигиеналық құралдармен, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды мектептерде ыстық тамақпен, оқу құралдарымен және мектеп формасымен қамтуды көздейді.

Және оларға мектепке дейінгі жол жүру шығындары өтеледі. Медициналық, оның ішінде стоматологиялық көмек те көрсетіледі. Ол 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін көмек пен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде жүргізілетін болады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, көп баласы бар 340 мыңнан астам отбасы көпбалалы болуына байланысты мемлекеттік жәрдемақыға үміткер бола алады.

Дегенмен, бұл қатып қалған цифр емес, аталған жәрдемақы енгізілгеннен бастап Қазақстандағы көпбалалы отбасылар санының артуына байланысты алушылар саны да артуы мүмкін. А т а л ғ а н м е м л е к е т т і к жәрдемақыны енгізу Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы Жолдауында айтылған тапсырмасы бойынша ҚР Еңбек министрлігі әзірлеген атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың негізгі үш бағытының бірі болып табылады.

Рита ӨТЕУҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button