
Жаңалықтар
Жарбосынов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
Ертең, 26 сәуір күні Атырау қаласындағы Жарбосынов көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты Қ.Ерниязов көшесі мен И.Тайманов даңғылы аралығы уақытша жабылады. Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғасырбек Төлеген хабарлады.
-Аталған бағытта қозғалыс шектелетін болғандықтан, тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Жөндеу жұмыстары жол инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған. Қауіпсіздік ережелерін сақтап, балама бағыттарды пайдалануға кеңес береміз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, — дейді Ғ.Төлеген.
Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ