
Жаңалықтар
Жангелдин ауылына қауіп жоқ
Қызылқоғадағы Жангелдин ауылдық округі Миялы селосымен шектеседі. Ауыл әкімі Амангелді Бағдаровтан білгеніміздей, көктемгі су тасқынына байланысты дәл қазір елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ.

-Ауылда 4 шақырым бөгет салынды. Үш күннен бері су оның жартысына ғана келіп тұр. Әлі де дамбы соғу жұмыстары жүріп жатыр, — дейді ол.

Сонымен қатар, бүгінге дейін топырақ салынған 2000 қаппен бөгет соғылған. Бұл жұмыстарға 1 трактор, 3 КамАЗ, 150-ге жуық ерікті жұмылдырылған.
Рита ӨТЕУҒАЛИ