Жарнама
Жаңалықтар

Жаңаталап, Құрманғазы және Қызылбалық ауылдарына спорт алаңдары салынады

Жаңаталап, Құрманғазы және Қызылбалық ауылдарына спорт алаңдары салынады.

Атырау қаласы әкімдігінің хабарлауынша, қазіргі таңда жоба жасақталған. Жобалаушы мекеме – «Шыңдау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Құрылыс монтаждау жұмыстарына тапсырыс беруші – қалалық құрылыс бөлімі. Бүгінгі күні конкурс жарияланды. Мердігер мекеме анықталған соң тиісті жұмыстар басталады.

Қалалық құрылыс бөлімінің мамандарының айтуынша, жергілікті бюджет есебінен салынатын ашық алаңда балалар ойнайтын алаң, футбол, стритбол, жаттығу алаңдары, лед жарық шамдары және бейнебақылау камераларымен қамтылып, орындықтар орнатылады.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button