Жарнама
Жаңалықтар

Жаңаталап ауылында жаңа спорт кешені пайдалануға берілмек

Жаңаталап ауылында 160 көрерменге арналған жаңа спорт кешенінің құрылысы аяқталуға жақын. Аталған нысан «Игілік» бағдарламасы аясында Теңізшевройл (ТШО) компаниясының қолдауымен салынуда. Жобаның жалпы құны — 1,6 миллиард теңге, деп хабарлайды AtyrauPress.

Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың қаңтар айында басталған. Қазіргі таңда ғимаратта соңғы әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыстың толық аяқталуы алдағы бір ай ішінде жоспарланып отыр.

Жаңа спорт кешені ауыл тұрғындарының спортпен және дене шынықтырумен айналысуына мүмкіндік беретін маңызды инфрақұрылымдық нысан болмақ.

Ақтілек Базарбаева

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button