whatsapp image 2021 07 26 at 15.25.11

Атырауда карантин талабын бұзған мекемелерден түсініктеме алынды

Жаңалықтар Қоғам Құқық
50 / 100

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, карантин шараларын бақылау мақсатында 23-25 шілде аралығында арнайы мониторинг топ тексеріс жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Соның ішінде, «Вивальди» караоке-бары, «Енді не істейміз», «Урбан»және «Лифт» ресто бары, «Бека» кафесі, «Қибрат» асханасы, «Underground», «Легион» ойын орталықтары, «Әсел», «Пинта», «Шах Сарайы», «Маржан», «Нұрай», «Георгия», «Альфия», «Қымызхана», «Асыл-Ана»,, «Кастл», «Блэк кристал» «Премьер Палас», «Зирек», «Гульфара», «Фортуна», «Ханшайым», «Керуен» және екі күн қатарынан «Рыба моей мечты» мейрамханалары карантин талабын сақтамай, жұмыс жасап тұрғаны анықталды. Сондай-ақ, Геолог елді мекені Аккулова 2-де орналасқан «Сүйінші» кафесінің қызметкерлері бетпердесіз жұмыс жасаған. Барлығы 31 мекемеден түсініктеме алынып, акт толтырылды. Қалалық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментіне барлық материалдар жолданып, аталған мекемелерге айыппұл салынады.

Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұл жұмыстар әр күн сайын жалғасатын болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған