Жарнама
Жаңалықтар

«ЖАНАШЫР» ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

 

Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаған аймақ басшысының орынбасары айтулы мерекенің басты жаңалығы – «Жанашыр» жобасының мақсаты мен жұмыс бағыттарын түсіндірді.

— Аймақта 700-ден аса жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар бар. С. Қазыбаев атындағы №1  балалар үйінде — 72, «Шаңырақ» отбасылық үлгідегі балалар ауылында — 49, үш жасқа дейінгі сәбилер үйінде 28 бөбек мемлекет қамқорлығына алынған. Оларға бүгінге дейін мемлекет тарапынан және жеке секторлардан қолдау көрсетіліп жатса да, балалар әлі де жан-жақты қамқорлықты қажет етеді. Сол себепті жетімдер үйінің тәрбиеленушілерін жүрек жылуын арнауға еңбек ұжымдарын тарту, азаматтық белсенділікті күшейту мақсатында «Жанашыр» жобасының маңызы зор, — деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

Белгілі болғанындай, жоба аясында балаларға үш бағытта қолдау көрсетіледі. Тәрбие бөлімінде ұжымдар баланың тәрбиесіне тікелей атсалысады. Демалыс күндерін бірге өткізу, баламен оның болашағына қатысты интеллектуалды сұхбат жүргізу жоспарланған. Сондай-ақ, тәрбиеленушілерді ұжымдастар өз отбасыларына апарып, тәрбие бере алады.

Ал, білім бағыты бойынша қосымша білім беру орындары арқылы қолдау көрсетсе, әлеуметтік қолдау бағытында оларды жұмыспен қамтуға, тұрғын үймен қамтамасыз етуге міндетті.

Қамқоршы ұжымдар баланың атына «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да есепшот ашып, ай сайын қаражат аударып тұрады. Мәселен, бір бөлмелі пәтерге қажетті соманы жинау үшін ай сайын 50 мың теңге көлемінде қаржы құюы керек.

Аталған жобаны жүзеге асыру нәтижесінде  балалар үйінде тәрбиеленушілер санының азайып, олардың қоғамның саналы да, белсенді азаматтары болып қалыптасуына жағдай жасалмақ.

Брифинг барысында жобаны ұйымдастырушы облыстық әкімдік пен жобаға қатысушы кәсіпорындар, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Атырау облыстық филиалының өкілдерімен үш жақты келісімге қол қойды. «Іскер консорциумы» ЖШС тәрбиеленуші Дамир Төребаевты, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС Ерсұлтан Өрбаевты және «Атырау су арнасы» КМК Айман Баяуованы,  «Потенциал  Ойл» ЖШС Равиль Меңдіғалиевті өз қамқорлықтарына алды.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА,

Суретті түсірген

Ерлан Алтыбаев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button