ЖаңалықтарҚоғам
ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚАУЛЫ: Атырауда 1 маусымнан бастап нақты қай нысандар ашылатыны белгілі болды
Аtr.kz/30 мамыр, 2020 жыл. «Atr.kz» тілшісі Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиевтің қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды.
Атап айтқанда, облыс пен оның орталығы аумағында шектеу шаралары сақталады. Соның ішінде, Мақат ауылы, Жылыой ауданы, Теңіз кен орны және «ТШО» компаниясының вахталық қалашықтары мен мердігер мекемелері.
Атырау қаласында 1 маусымнан бастап шектеу шараларын сақтай отырып карантин алынады. Бұрынғыдай бетперде мен 1,5-2 метр арақашықтықты сақтау керек. Барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметі жанданып, уақытша шектеулер жойылады.
«Atr-Ақпарат»