Құрманғазылық балық цехы айына 39 тонна балық экспорттауда

344842092 1265940734350266 1978385084514376630 n Жаңалықтар

Құрманғазы ауданындағы балық өнімдерін өндіру, шетелге экспорттау мақсатында «Каспий-Балық» өндірістік кооперативі жұмыстар жүргізуде. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бірлік ауылдық округінде көлемі үш гектар жерге орналасқан балық өңдеу цехында соңғы наурыз айы көлемінде евростандартқа сай 39 тонна балық Ресей еліне экспортталған. Бұдан басқа, Украина, Грузия елдеріне де экпортталады.

-Балық өндеу цехында үш мұздатқыш-салқындатқыш құрылғысы орнатылған. Мұнда тәулігіне 30 тонна балық қабылдап, өңделеді. Өңдеу технологиясы – сұрыптау, аралау, жуу, тазарту және салқындату, мұздату, тұздау.

Жалпы алғанда Құрманғазы ауданы бойынша наурыз айына балық аулау лиммиті 48 пайызға орындалса, «Каспий –Балық» өндірістік кооперативіне бөлінген лиммит көлемі 3106 тонна. Аудандағы балық цехы айына 39 тонна балық экспорттауда.

Бұл өдірістің кооперативіне қарасты Бірлік, Кудряшов, Теңіз ауылдарында балық өңдеу, қабылдау цехтары жұмыс жасайды,- деді аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Асқар Мұфтах.

Оның айтуынша, қазіргі таңда кооперативте тұрақты 186 адам, маусымдық 70 адам жұмыс қамтылып отыр.

Еске сала кетейік, Құрманғазы ауданында балық өңдеу цехының саны 9 болса, тағы 1 жаңадан өңдеу цехы салынуда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз