Жаңалықтар
Жаңа жылда қазақстандықтар қанша күн демалады?
Жаңа жыл мерекесіне орай қазақстандықтар төрт күн демалады.
1 және 2 қаңтар сенбі және жексенбі күндеріне түседі, ол ресми демалыс күндері болғандықтан, қазақстандықтар қосымша тағы екі күн 3 және 4 қаңтарда демалыс алады.
Ал 31 желтоқсан – ресми жұмыс күні.
Осылайша, жаңа жылда отандастарымыз төрт күн демалады.
Алты күндік жұмыс істейтіндер 4 қаңтарда жұмысқа шығуы керек.
Ал 7 қаңтар Рождество мейрамы болғандықтан, ресми мереке күні. Биыл жұмаға келеді. Тиісінше, қазақстандықтар 7, 8 және 9 қаңтар күндері үш күн демалады.
Алты күн жұмыс істейтіндер 8 қаңтар қызметке кірісулері керек.