Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Жаңа жоба: «Салауатты жұмыс орындары»

Atr.kz/6 маусым, 2019 жыл. Қоғамда ұлт денсаулығын нығайтуда «Салауатты жұмыс орындары» жобасын жүзеге асыру маңызды. Аталған бағдарлама негізінде қандай шаралар қолға алынады? Оның тиімділігі неде?

Осы және өзге де сауалдар аясында  облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінде өнеркәсіп мекеме басшыларының, техникалық қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау бөлімі  инженерлерінің қатысуымен өткен семинар-кеңесте айтылды.

 Жиында «Денсаулық» бағдарламасын іске асыру, жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу, жұмысшылардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуде тиімді ынтымақтастық орнату қажеттігі баса айтылды.

Сондай-ақ,  аурулардың алдын алу  мен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатын көздеген жиында Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының бөлім басшысының орынбасары  Айгерім Қожахметова «Саламатты жұмыс орындары» бағдарламасының тиімді жүргізілуі» тақырыбында тренинг өткізді. Мұның денсаулықты нығайтуға бағытталған жұмыстарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ең тиімді бағдарлама екендігі айтылды. Тақырып аясында әлемдік үздік тәжірибелер таныстырылды. 

IMG 20190606 WA0032

Сала мамандарының айтуынша, тәжірибеде мұндай бағдарламаларды жүйелі түрде енгізу жұмыс істейтін халықтың денсаулығын нығайтып қана қоймайды. Бұл ұйымда жағымды әлеуметтік ахуал құруға және оның қызмет ету тиімділігін арттыруға да ықпал етеді.

Сонымен қатар, семинар-кеңесте салауатты өмір салтын насихаттау, қауіпсіз жұмыс орны мен адам денсаулығына қолайлы орта құру бойынша түсінік берілді. Қатысушылар жұмыс орнында дене шынықтырумен айналысуға инфрақұрылым құру, психоәлеуметтік ортаны жақсартуға ықпал етуде аталған жобаны іске асыру маңызды екендігін айтып, қызығушылық білдірді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button