ЖаңалықтарСаясат
Жаңа учаскеде дауыс берді
Atr.kz/9 маусым, 2019 жыл. Биыл алғаш рет «Өркен» шағын ауданының тұрғындары №246 сайлау учаскесі бойынша дауыс берді. Бұл учаскені екіге бөлу туралы шешім халықтың көптігіне байланысты қабылданған болатын.
Мұнда келгенімізде сағат тілі 09:20-ны көрсетіп тұрды. Комиссия төрайымы Салтанат Урликованың айтуынша, барлығы 1710 сайлаушы бар. Соның 97-і осы уақыт аралығында дауыс беріп үлгерді.
– Тұрғындар саяси науқанға ерекше белсенділікпен қатысуда. Олардың өз таңдауын жасалуына барлық жағдай жасалып отыр, — деді комиссия төрайымы.
Мұнда байқаушы болып тіркелген «Amanat» сайлауға мониторинг жүргізу азаматтық платформасының өкілі Нұрсат Ислямғалиев саяси науқанның қалыпты жағдайда өтіп жатқанын баяндады.
Азамат БАЗАРБАЕВ