Атырауда 200 отбасыға азық-түлік таратылды

f6e72753 b67a 4f4b ab7c ddc70e8eebf0 Қоғам

«Ынтымақ Атырау» қоғамдық қоры көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен 200 отбасыға азық-түлік таратты, деп хабарлайды atr.kz

Қайырымдылыққа облыстағы ең ірі мұнай компаниясы – «Теңізшевройл» ЖШС қолдау көрсетіп келеді. Бүгінгі күні Атырау қаласындағы 200 көпбалалы және мұқтаж отбасыларға азық – түлік таратылды. Келер аптада Құлсары қаласындағы 200 отбасының әрқайсысына 15 мың теңгелік азық-түлік серификат беріледі.

cdae1dba e030 43c4 9374 74fd778e9510

Материалдық көмек алғандардың бірі, көпбалалы Гүлмира Балканова қоғамдық қорға ерекше алғысын білдірді. Айтуынша, балаларына жыл сайын киім-кешек және оқу құралдарымен қамтамасыз етіп келеді.

5baece73 8585 4239 ae47 988bac47e132
  • Жыл басынан бері облыстағы 4 мыңға жуық адамға материалдық көмек көрсетілді. Енді желтоқсан айындағы мереке күндеріне орай қайырымдылық шараларын жасауды жоспарлап отырмыз, – деді «Ынтымақ Атырау» қоғамдық қорының жетекшісі Майя Шатенова.

Айта кетейік, «Ынтымақ Атырау» қоғамдық қоры 2021 жылдан бері жұмыс атқаруда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз