Жарнама
Жаңалықтар

Жаңа Қаратон кентінде жаңа саябақ ашылды

Жаңа Қаратон кентінде 2003 жылы мектеп бітірген түлектер «Қоғамдық кеңістіктер» жобасымен «Түлектер саябағын» салды. Саябақ 1 маусым — Балаларды қорғау күні қарсаңында халық игілігіне берілді. Саябақтың салынуына мектеп түлектері және жиырма шақты ауыл тұрғыны үлес қосқан. Бұл туралы Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ауданы 400 шаршы метрді құрайтын саябақтың ішінде білім ордасының шәкірттерін сипаттайтын архитектуралық мүсіндер, ауыл тұрғындарының таза ауада отырып демалуына арналған орындықтар, 30 дана алуан түрлі өсімдіктер мен көшеттер орналастырылып, жасыл желектерді суару мақсатында су құбыры тартылған. Сондай-ақ, алаңның аумағында еліміздің еркіндігі мен біртұтастығын бейнелейтін Қазақстан Республикасының Туы ілінген.

-«Жер – ырыстың кіндігі, білім – ырыстың тізгіні» демекші, бұл жоба ауылымыздың көркеюіне, мәдени демалысына жайлы жағдай жасап қана қоймай, кейінгі ұрпаққа белсенді өмір салты мен табиғатқа деген ұқыпты қатынасты насихаттап, ауылдың экологиялық ахуалын арттыра білген бірегей жоба. «Түлектер саябағы» ауыл тұрғындарының және ауылға келуші қонақтардың демалып, серуендеуіне қолайлы орын болып отыр, — деді жоба жетекшісі Артур Булебаев.

Жаңа қоғамдық орындар салу әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында «Теңізшевройл» ЖШС қаржылық қолдауымен, Орталық Азияның Еуразия қорының бастамасымен құрылған «Qogamdyq Kenistikter» жобасы аясында жүзеге асуда.

Айта кетейік, биыл Жылыой ауданында 20-дан астам шағын жоба іске асырылуда. Ал былтыр 32 шағын жоба іске асып, халық игілігіне берілген болатын.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button