ЖАН ЖЫЛУЫ

Атырау облысы Мақат кентіне қарасты Доссор елді мекенінде тұратын Жақыповтар отбасының ауыр жағдайын көріп, Атырау аграрлы-техникалық колледжі ұжымы да бейжай қарап қала алмады.

«Шынайы сүйіспеншілік басқа адамның тағдыры үшін алаңдаған жүректе ғана туындайды» – деп Василий Сухомлинский айтқандай, өзіміздің қазақ отбасындағы отанасы мен балаларының күнкөріс ахуалына алаңдаған колледж басшысы Болат Қожиев бастаған ұстаздар қауымы әлеуметтік көмек қолын созды. Ұжымнан жиналған қайырымдылық көмекті кәсіподақ мүшелері Жақыповтар отбасына табыстады. «Әрине, біздің берген көмегіміз ол отбасының жыртығына жамау болмас, әйтсе де бұл – шын алаңдаушылық жүрекпен жасалған ізгілік. Осы игі ісімізге ауыр халде жатқан отанасы көзіне жас алып, шынайы ризашылығын тілмен жеткізе алмаса да, ишаратпен білдірді» деді Б. Қожиев.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз