Жаңалықтар
Жамбылдағы жарылыс: 29 тамыз — Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсетті. Ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталады», деп жазды Президент Twitter -дегі парақшасында.
Ұлттық аза тұту күні Қазақстанда барлық мемлекеттік органдар, дипломатиялық миссияларда мемлекеттік Ту төмен түсіріледі. Көңіл көтеру шаралары тоқтатылады. Мерекелік шаралар телеарналардан да көрсетілмейді.