Жарнама
Жаңалықтар

Жалғансайда ауылішілік автомобиль жолдарының құрылысы басталды

Жалғансай ауылында көптен күткен ауылішілік автомобиль жолдарының құрылыс жұмыстары басталды, деп хабарлайды Махамбет ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

-Жобаның жалпы құны 1 миллиард 922 миллион теңгені құрайды. Осы жылға 162 миллион 993 мың теңге қаржы қаралған. Келесі жылға облыстық бюджеттен қаржыландыру мәселесі келісілді. Салынатын жолдың жалпы ұзындығы 9,6 шақырым. Бұған қоса 2,8 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілер жолы салынатын болады,- деді аудандық Тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және сәулет, қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары Сырымбет Кенжебаев.

Ал Жалғансай ауылдық округі әкімі Ғибрат Мырзағалидың айтуынша, ауылішілік автомобиль жолдары бұған дейін тек кіре беріс пен бір ғана көшеде болса, енді онға жуық көшеге жол түскелі отыр. Бұл жаңбырлы күндері жол азабын тартып жүрген жалғансайлықтар үшін қуанышты жаңалық.

Айта кетейік, мердігері «Атырауинжстрой» ЖШС-нің құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 2024 жыл.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button