Атырауда тұрғын үй-құрылыс кооперативтері жауапқа тартылды

atyrau2 Жаңалықтар

Атырауда прокурорлар тұрғын үй-құрылыс кооперативтерін жауапқа тартты.

Атырау қаласының прокуратурасы үлестік тұрғын үйлер құрылысына мониторинг жүргізуде.

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңның талаптарына сәйкес, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үш түрлі тәсілмен ұйымдастырылады – кепілдік беру қоры, банк немесе жергілікті атқарушы органының рұқсаты арқылы. 

Өзге тәсілдермен көппәтерлді тұрғын үйлер құрылысы үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартуға тыйым салынады.

Бұған қарамастан, Атырау қаласында 2 тұрғын үй-құрылыс кооперативтері бұқаралық ақпарат құралдарына жарнамаларды заңсыз жариялау арқылы жеке және заңды тұлғалардың ақша қаражатын тартқаны анықталды.   

Қала прокуратурасының бөлім бастығы Ерлан Какиевтің айтуынша, аталған мекемелерге қатысты прокуратурамен әкімшілік іс қозғалды, айыппұл салынды. 

Атырау қаласының прокуратурасы азаматтарды мүлікті иеленуге немесе пайдалануға кепілдік бере алмайтын күмәнді компаниялармен азаматттық шарттарға отырмауға шақырады.   

«Атырау қаласының прокуратурасы»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз