![Жалғансай тұрғындары түнде эвакуацияланды 1 img 20240523 081219 344 1](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/05/img_20240523_081219_344-1.jpg)
Жаңалықтар
Жалғансай тұрғындары түнде эвакуацияланды
Тасқын су Махамбет ауданы Жалғансай ауылдық округінде 22 мамыр түнгі сағат 23:40 шамасында ауыл шетіндегі бөгетті жарып кетті. Бөгеттен өр суының көптеп өтіп кетуіне байланысты 23 мамыр сағат 01.20-да сирена қосылып, жалғансайлықтар Махамбет ауылына эвакуацияланды.
Махамбет ауданы әкімдігінің хабарлауынша, жалғансайлықтар Д.Төленов, Е.Ағелеуов орта мектебі, Нұршуақ, Алтынай балабақшаларына орналастырылды.
Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ