Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Жалған ақпараттан сақтаныңыз! Мақат ауданында балалар коронавируспен ауырмаған

Atr.kz/10 тамыз, 2020 жыл. Әлеуметтік желілерде Атырау облысының Мақат ауданында балалар короновирус инфекциясымен ауырып жатыр деп тараған ақпарат жалған болып шықты, — деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Мақат аудандық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Асұлан Абдрахмановтың айтуынша, Мақат ауданы бойынша балалар короновирус инфекциясымен ауырып жатқан жоқ.

«Әлеуметтік желіде Мақат ауданында балдар ауырған деген жалған ақпарат. Қазіргі уақытта аурухананың провизорлық стационарында 11 адам емделіп жатыр. Біреуі ғана 10 айлық бала. Оның диагнозы- суықтан болған пневмония. Сәбидің жағдайы қазір жақсы. Жуырда үйіне шығарылады»- дейді Асұлан Абдрахманов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button