Коронавирус: зейнетақы мен жәрдемақы уақытылы төлене береді

20566 6 zeineta y zh mys steug ru Жаңалықтар

Atr.kz/17 наурыз, 2020 жыл. Қазір көпті үрейлендірген коронавирусқа қатысты тұрғындар арасында «зейнетақы мен жәрдемақы уақытша тоқтайды» деген жалған мәліметтердің де таралып жатқаны рас.

Осыған байланысты Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла түсінік берді.

-Мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақылар, зейнетақы, атаулы әлеуметтік көмектің барлығы уақытылы, өз кезегінде төлене береді. Бұл ретте бұған дейін бюджеттен қаржы бөлініп, бекітілді. Сондықтан, көпшілік арасындағы жалған деректерге сеніп, алаңдауға негіз жоқ. Қазіргі уақытта облыста 7005 адамға 117 млн. теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі төленді. Сол секілді ай сайынғы зейнетақы, жәрдемақылар бұрынғыша республикалық бюджеттен төлене береді, –  деді С.Қамидолла.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-haly%d2%9b%d2%9ba-%d2%9byzmet-k%d3%a9rsetu-ortaly%d2%9btary-%d2%9balypty-rezhimde-zh%d2%b1mys-zhasauda/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз