Күдікті ақпарат тарады

cba6860e4e6e9dc05b7634d0b0de1a13 Жаңалықтар

Ішкі істер министрлігі Алматыдағы тергеу изоляторының ішінде ұсталғандарға қатысты заңсыз әрекет жасалып жатқан жертөле бар деген ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

Алматы қаласы ҚІІБ ЛА-155/18 мекемесінің (тергеу изоляторы) басшысы Әсет Жұмадиевтің айтуынша, екі қабатты әкімшілік ғимараты мен 4-5 қабатты 6 режимді корпус бар. Екі жүз отыз камера орнатылған.

«Бұл ғимараттарда коммуникация жүйелері мен жылу қондырғыларына арналған жартылай жертөле бөлмелері бар. Ол бөлмелерге ғимараттың сыртынан кіреді. Мекемеге түскен адамдарды осы ғимараттың бірінші қабатында қабылдаймыз. Тергеу изоляторына келген барлық адамды медицина қызметкерлері мен кезекші ауысымдағы қызметкерлер қабылдайды. Бәрі видеоға түсіріледі», – деп жазады Polisia.kz Жұмадиев-ке сілтеме жасап.

Ол мекемеге құқық қорғау, прокуратура өкілдері мен қоғамдық бақылау ұйымының мүшелері үнемі келіп тұратынын атап өтті.

«Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметі адамның ар-намысын, өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін, сотталғандар мен басқа да адамдардың конституциялық құқықтары мен бостандығын қорғауға бағытталған. Бұл үшін заңнамада сотталғандарды әлеуметтендіруге, адам құқығын қорғауға жағдай жасалған», – делінген хабарламада. Ведомство жалған ақпарат таратқандар Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз