Жарнама
Жаңалықтар

ЖАЛАҚЫНЫ УАҚЫТЫНДА ТӨЛЕМЕУ – ЗАҢДЫ САҚТАМАУДЫҢ ЕҢ ӨРЕСКЕЛ ТҮРІ

 

Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Салауат Ишай аймақтағы еңбек ұйымдарында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталу жайына тоқталды.

– Еңбек заңнамасының талаптарын толықтай орындамаған «Әскерлендірілген темір жол күзеті» АҚ филиалы, «Ариадна», «Атырау облыстық волейбол командасы», «Денхолм-Жолдас», «Стамгазстрой», «Алаужайық» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері қарамағындағы қызметкерлеріне уақытылы жалақы төлемеген. Жұмыстан шыққан адамдармен түпкілікті есеп айырысуды кешіктірген. Басқармаға «Ариадна» серіктестігінің бір топ қызметкерлерінен ұжымдық арыз келіп түсті. Тексеріс нәтижесінде қызметкер М.Ғалымовтың өткен жылдың қыркүйек айына тиесілі жалақысының бір бөлігі өсімақысыз тиісті мерзімінен үш күнге кешіктіріліп төленгені анықталды. Сөйтіп, еліміздің Еңбек кодексінің 134 бабы 1-4 тармақтары бойынша заң бұзушылықтарға жол берілген. Сондай-ақ, өткен жылдың қараша айына тиесілі жалақысының бөлігі өсімақысыз  биылғы жылдың шілдесінде кешіктіріліп төленген. Осыған орай ұйым басшысының атына аталған өсімақы сомаларын төлеуге нұсқама беріліп, айыппұл салынды. Алайда, нұсқама уақыты бір айға жуық кешігіп орындалды, — дейді Салауат Нұрымжанұлы.

«Әскерлендірілген күзет қызметі» АҚ филиалында қызметкерлерге кезекті жылдық еңбек демалысы ақысын төлеу демалыс басталардан үш күн бұрын төленбей, демалысқа шыққан күні ғана берілген. Ал, «Атырау волейбол командасы» серіктестігі қызметкерлерге берілген спортқа арналған киімдердің құнын түпкілікті есеп айырысу сомасынан заңсыз ұстап қалғаны анықталды. Сондай-ақ,  қызметкер Н.Әубәкіровке өткен жылдың қараша айына тиесілі жалақысын толық төлемеген. Бүгінде аталған ұйымдар орын алған заң бұзушылықтарға байланысты берілген нұсқамаларды толық орындаған. Сондай-ақ, «Денхолм-Жолдас», «Стамгазстрой» серіктестіктерінде де мұндай олқылықтар анықталып, уақытылы түзетілген.

Жиын төрағасы Сәлімжан Жұмашұлы тиісті органдарға еңбек нарығындағы тұрақтандыру шараларын қабылдауды қатаң тапсырып, ұйымдардың салық органдарына бережақ болмауын да ескертті.

Алтыншаш

НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button