Жалақыңыз жоғарыламаса, кәсіподаққа келіңіз!

ФОТО ЖАЛАҚЫ Жаңалықтар

Қазақстандықтардың жалақысын көтеру жөніндегі Елбасы тапсырмасы өңірлерде қалай орындалып жатыр? Осыны білмек болып еліміздегі кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым Атырауға іссапармен келді.

ФОТО - ЖАЛАҚЫ

Ол өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында журналистермен жүздесіп, өзекті сұрақтарға жауап берді.
Төраға аталмыш ұйымдардың бүгінгі қызметі мен негізгі міндетіне тоқталды.
– Басты мақсат, бұл – еңбек адамының құқығын қорғау, оның бұзылуына жол бермеу және кез келген жағдайда мүддесін сақтау, – деді Бақытжан Жарылқасынұлы. – Өзара түсініспеушілік орын алған кезде, іс сотқа дейін көтеріледі. Осы орайда, Жоғары сот төрағасымен бірлесіп, бірқатар жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Қазір Президенттің тікелей тапсырмасы – төменгі еңбекақыны көтеру мәселесі өткір тұр. Мұны кәсіподақ қадағалайтынын қаперге беремін. Сондықтан, жалақысы өспеген қызметкерлер өздері еңбек ететін мекемеден құрылған кәсіподақ ұйымына барып, арыз қалдыруларына болады.
Екіншіден, жұмысшыларды себепсіз қысқартуға жол берілмейді. Арнайы құрылған комиссия мәселенің мәнісін жан-жақты талқылап, тиісті шешім қабылдайды. Бәрі де заңмен реттеледі. Бұл ретте, әр азамат өз құқығын жіті білуі тиіс. Сонда ғана өзінің жұмыс орнын сақтап қала алады. Үшіншіден, биыл – Жастар жылы болып жарияланды. Олай болса, жас мамандардың құқығы сенімді қорғалуы керек. Осы мақсатта өңірлерде «Келешек» жастар ұйымдары құрылған.
Төртіншіден, әр кәсіпорында бастауыш кәсіподақ ұйымы болуы міндетті. Өйткені, бүгінде қауіпсіздік мәселесі өткір тұр. Мәселен, былтырдың өзінде 200-ге жуық адам жұмыс орнында қаза тапқан. Ендігі міндет – кәсіподақ мәртебесін көтеру. Ал, оның бірден-бір жолы – ұйым құқығын кеңейту.
Осыдан соң журналистер спикерге сауалдарын жолдады.

(Толығырақ газетіміздің кезекті санынан оқи аласыздар)

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз